Әлеуметтік әмиян қалай жұмыс істейтіні белгілі болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов Nur Otan партиясы парламенттік фракциясының кеңейтілген отырысында әлеуметтік әмияннің қалай жұмыс істейтінін айтты.
Отырыста Мәжіліс депутаты Снежанна Имашева Еңбек және халыққа әлеуметтік қорғау министріне депутаттық сауал жолдады.
Жол картасында әлеуметтік төлемдердің 44 түрі азаматтардың әлеуметтік әмияны арқылы жүзеге асырылады деп көрсетілген. Осыған орай бірқатар сұрақ бар. Енгізілетін әлеуметтік әмияннің ерекшелігі неде? Оның банк карталарынан айырмашылығы мен артықшылығы қандай? Әмиян арқылы операция жасағанда шектеулерге алып келмей ме? Зейнеткерлер өз қаражатын пайдалана ала ма?, - деп сұрақ қойды ол.
Оған Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов жауап берді.
Әлеуметтік әмиян дегеніміз банк шоттарына балама болып табылады. Азаматтар банктерге жүгінуіне қажеттілік болмайды. Ұлттық банк жүйесі арқылы әрбір азаматқа жеке сәйкестендіру нөмері арқылы осындай шоттар ашылады. Бұл шоттарға болашақта әлеуметтік төлемдерді проактивті түрде төлеуді жоспарлап отырмыз. Өзіңіз айтқандай 44 төлем бойынша жүзеге асырылады. Оның артықшылығы әлеуметтік әмияндарға аударылған әлеуметтік төлемдер банктер мен коллектрлық фирма, салық органдар тарапынан өндіріп алуға жатпайды, қорғалады, - деді ол.
Министр атағандай, әлеуметтік әмиянды қолданушылар банк карталары арқылы қызметтерді алуға құқылы.
Әмияннан қаржыны өз картасына аударып немесе қолма-қол ақша ретінде пайдалана алады. Ешқандай шектеу болмайды. Қазіргі таңда заң жобасы енгізілді. Ұлттық банк техникалық және ұйымдастыру жұмысын жүргізіп жатыр. Келесі жылдан бастап біз осы әмиян арқылы атаулы әлеуметтік көмекті пилоттық жобада төлеуді жоспарлап отырмыз, - деді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы