18 Қараша 2025 2025, 09:46
Фото: theiier.org
Әлемнің ең бай қаласы белгілі болды
Жапонияның Токио қаласы 2025 жылы әлемдегі ең бай қала атанды. Мегаполистің ЖІӨ көлемі 2,55 триллион долларға жеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Жапонияның Токио қаласы 2025 жылы әлемдегі ең бай қала атанды. Мегаполистің ЖІӨ көлемі 2,55 триллион долларға жеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл дерек CEOWORLD Magazine журналы жариялаған әлемнің ең бай 300 қаласының рейтингіне негізделген.
2025 жылы Токио тағы да Жер шарындағы ең бай қала ретінде аталды, – делінген басылым материалында.
Журнал мәліметінше, бай қалалар тізімінде екінші орынды Нью-Йорк иеленді – оның ЖІӨ көлемі 2,49 триллион доллар. Үздік үштікті тағы бір америкалық қала, Лос-Анджелес түйіндейді – 1,62 триллион доллар.
Одан кейінгі орындарда Лондон (1,47 трлн доллар), Сеул (1,42 трлн доллар) және Париж (1,39 трлн доллар) тұр. Зерттеуде атап өтілгендей, алғашқы ондыққа кірген қалалар әлемдік жалпы ішкі өнімнің шамамен үштен бірін береді.
Қазақстан қалалары бұл рейтингке енбеген.
Еске салайық, бұған дейін 2025 жылғы әлемдегі ең «ақылды» жеті қала анықталған болатын.
- Қазақстанның арнайы күштері халықаралық жарыста жеңіске жетті 06:35
- АҚШ Бейбітшілік Кеңесінде Газаны қалпына келтіру жоспарын ұсынады 05:18
- Обама қаулысы күшін жойды: Трамп климат саясатын өзгертті 04:27
- Атырауда блогерді ұрған екі әйелге үкім шықты 03:40
- Қар, көктайғақ, тұман: 14 облыста дауылды ескерту жарияланды 02:34
- Еурокомиссия ғимараттарында тінту жүргізілді 01:29
- АҚШ Ирандағы демонстранттарға Starlink терминалдарын жеткізген 00:30