Әлемнің әр түкпірінде 7 миллионға жуық қазақ бар
Астанада Дүнижүзілік қазақтар қауымдастығы Қоғамдық кеңесі құрылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қоғамдық кеңесте шетелдерде тұрып жатқан қазақтарды Қазақстанға қайтару, оқу, білім мәселелерінде туныдайтын сұрақтар бойынша өзекті мәселелер қаралады.
Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығының құрылғанына 32 жыл толды. Осы уақыт аралығында миллионнан астам қазақтың атажұртқа оралуына бастамашы болды. Бүгіңгі таңда Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитетімен бірлесіп «Ата жұрт» бағдарламасын жүзеге асыруда. Бұл бағдарлама шетелдегі қандастарымыздың елімізде бизнес көздерін ашып, қоғамның толыққанды өкілі ретінде Қазақстан азаматтығын алмай-ақ жұмыс жасауына барлық жағдайды қарастырылған, - деді қоғамдық кеңестің төрағасы Асылбек Байжұма.
Оның айтуынша, қоғамдық кеңес мүшелері Монғолия, ресей, Өзбекстан, Қытай қазақтарының белсенді өкілдерінен және тәжірбиелі заңгерлерден құрылған. Алдағы уақытта Монғолия және Өзбекстан елдеріне барып «Құтты мекен», «Ата жұрт» карталары бойын үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуді жоспарлауда.
Шет елдегі қандастарға елімізді насихаттау арқылы көшіп келуіне жағдай жасауымыз керек. Қазіргі таңда «Құтты мекен» ұялы телефондағы қосымшасы арқылы шекарадан өтпей тұрып-ақ қандас куәлігін рәсімдеуге мүмкіндік бар. Қазақстан шекарасынан өткеннен кейін еліміздегі орналасуға квота бөлінген кез-келген өңірдің әлеуметтік қорғау бөлімінен дайын куәлігін алуға мүмкіндік туып отыр, - дейді Асылбек Байжұма