Әлемге әйгілі әнші ұшақ апатынан қаза тапты

Колумбияда жеңіл моторлы ұшақ апатынан алты адам қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.

 Қаза болғандардың қатарында танымал музыкант Йейсон Хименес (Yeison Jiménez) те бар. 

Бояка департаментіндегі Пайпа қаласынан Медельинге бағыт алған ұшақ әуеге көтерілгеннен кейін көп ұзамай апатқа ұшыраған.

35 жастағы әйгілі поп-орындаушы Йейсон Хименес Медельинге концерт қою үшін жолға шыққаны айтылды. Оның қазасы Колумбиядағы миллиондаған тыңдарманның қабырғасын қайыстырды.

Белгілі болғандай, апаттан шамамен 20 күн бұрын Йейсон Хименес телешоулардың бірінде өзіне бірнеше рет әуе апатына қатысты түс кіргенін айтып берген екен.

Маған үш рет түсімде ұшақ апатына ұшырағанымыз кірді. Түсімде мен ұшқышқа барып, ұшақты кері бұруын сұраймын. Ал ұшқыш: “Мұны айтқаның жақсы болды, шынымен бірдеңе дұрыс болмай жатқан еді”  деп жауап береді. Бір түсте біз қаза тапқанымызды, ал бұл туралы жаңалықтардан хабарлағанын көрдім, – деп айтқан еді музыкант телебағдарламадағы сұхбатында.

Йейсон Хименес 1991 жылы Кальдас департаментіндегі Мансанарес қаласында дүниеге келген. Ол соңғы жылдары «Aventurero», «Vete», «Mi venganza» сынды хит әндері арқылы Колумбиядағы ең танымал әрі ең көп тыңдалатын әртістердің біріне айналған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Anadolu Agency
Өзгелердің жаңалығы