Әлемге ашық жастарымыздың жас буыны келді – Әлі Шер Сүлеймен

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  30 жылдың ішінде еліміз сан ғасырларға арқау болар жетістіктерге қол жеткізді. Ұлттық рухымыз асқақтап, ұрпақтар сабақтастығы өрісін жайып, рухани өрлеу жылдары болғаны ақиқат дейді режиссер, сценарист әрі актер Әлі Шер Сүлеймен.

Тәуелсіз, егеменді, дербес мемлекетіміз бар. Мемлекеттік құрылымға сай - коғамдық-саяси үйлесімде өмір сүріп жатқан көп ұлтты халқы бар, экономикасы мен инфрақұрылымы дамып келе жатқан, мәдени және ақпараттық кеңістігі ерекшеленген қазіргі заманға сай мемлекет қалыптасты. Бұл сөзсіз жетістік, - дейді ол.

Жұмыр жердегі қай халық үшін болса да азаттықтан асқан ұлы ұғым, Тәуелсіздіктен биік тұғыр жоқ.


Мемлекеттік шекараны 100% демаркациялап, толығымен бекіту бүгінгі күрделі геосаяси уақытта асыл жетістік.Прогрессивті, еліміздің тізгінін қолға алатын, жауапкершілігі мол, әлемге ашық жастарымыздың, бодандық, құлдық ойлардан еркін жас буынның келгені таптырмас жетістік. Біздің ата-мекеніміз осы жер, оны қастерлеп, сақтап, баптау біздің ғана қолымызда, өз қолымызда. Олай болса Тәуелсіздігіміз біз үшін қашан да киелі, қашан да қастерлі, мәні биік, мәртебесі жоғары асыл қазына, - деді Әлі Шер Сүлеймен.
 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы