Әлемдік және дәстүрлі діндер съезі халыққа не береді? - Ресми өкілдің жауабы
Бұл туралы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезінің ресми өкілі Назым Жанғазинова «Желмая» жобасында берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Ол пандемиядан кейін әлем экономикасы шатқаяқтап тұрған тұста мұндай форум халыққа не береді деген мәселеге тоқталды.
Қазіргі постпандемия кезеңінде жер бетінде коммуникация, диалогтың нашарлап кеткені баршаға белгілі. Сол себепті көптеген шиеленістер, қақтығыстар орын алып жатыр. Осындай алаң керек болды. Көпшілік қайтадан имидж қалыптастыратын алаң ба деген сауалдар қоюда. Негізі бұл тек Қазақстанға керекті алаң ғана емес. Бұл алаңда бүкіл әлем талап етіп отыр. Негізі Жер бетінде адамзаттың 10%-ы ғана атеист, ал қалғанының барлығы Құдайға сенетіндер екен. Құдайға сенетін сол 90% адамның діндерінің көшбасшыларын осында жиналып, бірлікке, ауызбіршілікке, шиеленістерді тоқтатуға шақыратын болса, керемет алаң болар еді, - деп атап өтті съездің ресми өкілі.
Айтуынша, әңгіме тек діндердің айналасында ғана өрбімейді.
Барлық саясаткерлер де, теологтар да айтып жатыр. Рим папасы міндетті түрде өзінің мессасында, ресми сөйлейтін сөзінде де бүкіл Жер бетін достыққа шақырады деп күтіп отыр, - деді Назым Жанғазинова.