Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі бойынша дәріс өтті

Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы Болат Сәрсенбаев Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті «Дінтану» кафедрасының студенттеріне дәріс өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.


Дәріс барысында басқарма төрағасы Болат Сәрсенбаев  студенттерді, магистранттарды, кафедра оқытушыларын бейбіт өмір сүрудің, толерантты қоғам құрудың және конфессияаралық диалогтың бірегей қазақстандық моделімен таныстырып, әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезінің қорытындылары туралы айтты.

2003 жылдан бері әр үш жыл сайын елордамыз - Астана төрінде ұйымдастырылып келе жатқан конфессиялар келісімі жиынының қоғам дамуында алар орны ерекше. Жыл өткен сайын өзінің сапалық деңгейін көтере түскен бұл дәстүрлі діни форум – әлемдегі діни-экономикалық және саяси мәселелер ушығып тұрған уақытта мәдениеттер мен өркениеттер арасына дәнекер болып келеді, - деді басқарма төрағасы Болат Сәрсенбаев.

Шараның негізгі мақсаты Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезі мен VII Съездің қорытынды декларациясының негізін студенттерге түсіндіру.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы