Әлемдік тәуекелдерге қарамастан, Қазақстанда бидай арзандап жатыр
Еуропадағы аптап ыстық та әлемдік астық нарығына әсер етуде. Еуроодақтағы ең ірі бидай өндіруші Францияда жұмсақ бидай өнімділігі соңғы бес жылдағы орташа көрсеткіштен 3%-ға, ал қатты бидай өнімі 4%-ға төмен болады деген болжам жасалды. Қолайсыз ауа райы арпа мен жүгері егістіктеріне де зиянын тигізген.
Әлемдік нарықта астық бағасының өсуіне алғышарттар сақталғанымен, Қазақстанда бидай бағасы төмендей бастады.
Бұл туралы ElDala.kz хабарлады.
30 шілдеде АҚШ биржасында бидай бағасы бір бушель үшін 6,85 долларға (тоннасына шамамен 251 доллар) дейін көтерілді. Бұған Қара теңіздегі кеме қатынасына қатысты қиындықтар әсер етіп, Ресей мен Украинадан астық экспортын тоқтату қаупі себеп болды.
Алайда 31 шілдеде сауда-саттық барысында баға бір бушель үшін 6,38 долларға (тоннасына 234 доллар) дейін төмендеді. Сарапшылардың пікірінше, бұл құлдырау нарықтағы жағдайдың жақсарғанын емес, ай соңындағы техникалық мәмілелерді көрсетеді.
Еуропадағы аптап ыстық та әлемдік астық нарығына әсер етуде. Еуроодақтағы ең ірі бидай өндіруші Францияда жұмсақ бидай өнімділігі соңғы бес жылдағы орташа көрсеткіштен 3%-ға, ал қатты бидай өнімі 4%-ға төмен болады деген болжам жасалды. Қолайсыз ауа райы арпа мен жүгері егістіктеріне де зиянын тигізген.
Сарапшылардың айтуынша, бұл жағдайлар әлемдік астық бағасының алдағы уақытта өсуіне негіз болуы мүмкін.
Алайда қазақстандық диқандардың бұл үрдістен пайда көре алатыны әзірге белгісіз. Ресейде экспортқа қатысты қиындықтар салдарынан ішкі нарықтағы бидай бағасы төмендеп келеді. Егер арзан ресейлік астық Орталық Азия нарығына бағытталса, бұл Қазақстандағы бағаға да қысым көрсетуі ықтимал.
Мұның алғашқы белгілері қазірдің өзінде байқалды. 31 шілдеде «Еуразиялық сауда жүйесі» биржасында 3-сыныпты 500 тонна бидай тоннасына 107 мың теңгеден сатылды. Бір апта бұрын дәл осындай бидайдың бағасы 109 мың теңге болған.