Отандық боксшы АҚШ-тағы жеңісінен кейін әлемдік рейтингте жоғарылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аса ауыр салмақта жұдырықтасатын Изим Избаки (2-0, 1 КО) АҚШ-тағы алғашқы жекпе-жегінен кейін әлемдік рейтингте шарықтады, деп хабарлады Vesti.kz.
23 тамызда Избаки төрт раундты жекпе-жекте төрешілер шешімімен америкалық Армонте Саммерсті (1-2) жеңді. 24 жастағы қазақстандық кәсіпқойдағы карьерасын 2018 жылы қарашада бастап, Эстония астанасындағы алғашқы жекпе-жегін нокаутпен аяқтаған.
АҚШ-тағы жеңісінен кейін Избаки BoxRec рейтингінде 834-орыннан 179 саты көтеріліп, 655-ке тұрақтады. Ал 26 жастағы Саммерс 949-орыннан он саты құлдилаған. Рейтингте жалпы 1280 боксшы көрсетілген.
Супер ауыр салмақта жұдырықтасатын қазақстандық бес боксшы арасында Избаки төртінші келеді. Одан жоғары Иван Дычко (9-0, 9 КO) 70-ші, Руслан Мырсатаев (6-0, 6 КО) 194-ші және Жан Кособуцкий (10-0, 9 КО) 208-орында.
BoxRec рейтингінде бірінші тұрған WBA (Super), WBO, IBF және IBO чемпионы Энди Руис (33-1, 22 КО). Екінші WBC титулына ие америкалық Деонтей Уайлдер (41-0-1, 40 КО), ал үшінші британиялық Энтони Джошуа (22-1, 20 КО).