Әлемдік пандемия ішкі туризмнің дамуына ықпал етеді

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Әлемдік пандемияға байланысты Қазақстан азаматтары сыртқа шығудан сақтанып, елде демалуды жөн көруі мүмкін. Бұл отандық туризмнің дамуына оң әсер етеді, дейді туризм саласын зерттеп жүрген профессор Саябек Зиядин.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің экономика ғылымдарының докторы былтыр жазғы туризмнен елеулі пайда түскенін айтады. Әсіресе Алакөл, Баянауыл сияқты көл басындағы жағажайлардан және Түркістан облысындағы тарихи-мәдени орындарға келушілер көп болғанын айтады. 

Туризм саласы тұраламайды, бұл нарыққа арнайы өнім шығарып енгізетін өндіріс емес, қызыметтің түрі. Сол себепті жағдай тұрақтанса, кез келген уақытта жұмысы жанданып кете береді. Дегенмен сыртқа шығатын, яғни демалуға баратындар саны 70%-ға дейін төмендеуі мүмкін, - дейді ол. 

Оның айтуынша, қазір адамдардың көбі тауып отырған табысынан айырылған, жинаған қорлары да жоқ. 

Шетелге шығатындардың көбі 40-60 жас аралығында болғандықтан олар үшін коронавиурс қауіпті. Сондықтан халықтың көбі сыртқа шығудан сақтанып, елде демалғанды жөн көреді. Бұл жағдай ішкі туризмнің күш алып, дамуына мүмкіндік береді, - дейді профессор.

Ресим мәліметтерге сүйенсек, өткен жылдың үш тоқсанында респубилкадағы қонақ үй, отель, хостель және санаторилер 4,8 млн демалушыға қызмет көрсеткен. Оның 752,8 мыңы шетелден келгендер, қалғаны ішкі туристер. Сондай-ақ, келушілермен қатар көрсетілген қызмет түрінің көлемі де артқан. Дерек бойынша, өткен жылдың 9 айында 92 млрд 077,6 млн теңгенің қызметі көрсетіліпті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы