Бүгiн 2026, 10:26 Фото: ©BAQ.KZ коллажы

Әлемдік нарық: Мұнай бағасы өсті, ал алтын мен күміс арзандай бастады

Brent бағасы барреліне 73 доллардан асты, ал алтын мен күміс бағасы әлі де арзандап жатыр.

Жаңа аптаның басында әлемдік мұнай бағасы таяудағы төмендеуден кейін қайтадан өсімге көшті. 29 маусымдағы кешкі жағдай бойынша, Brent маркалы мұнайдың тамыз айындағы фьючерстерінің құны 1,5%-ға артып, барреліне 73,07 долларға дейін көтерілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сонымен қатар, америкалық WTI мұнайы да қымбаттады. Оның тамыз айындағы фьючерстері шамамен 2%-ға өсіп, барреліне 70,61 долларды құрады. Сарапшылар мұнай котировкаларының нығаюын әлемдік нарықтағы сақталып отырған геосаяси белгісіздікпен байланыстырады.

Әлемдік мұнай бағасы күрт көтерілуден кейін қайтадан төмендеп жатыр. 29 маусымдағы таңертеңгі жағдай бойынша, Brent маркалы мұнайдың тамыз айындағы фьючерстерінің құны 0,95%-ға өсіп, барреліне 73,29 долларды құрағанымен, өткен аптадағы ең жоғары көрсеткіштерден айтарлықтай төмен деңгейде қалды.

Сауда-саттық мәліметтеріне сәйкес, күн ішінде Brent бағасы барреліне 72,58-ден 73,61 долларға дейінгі аралықта құбылды. Соңғы аптада мұнай 5,48%-ға, ал бір айда 20,4%-ға арзандады.

Алтын бағасы қандай?

Инвесторлардың тәуекелді активтерге деген қызығушылығының артуы аясында бағалы металдардың бағасы төмендеді.

Алтынның тамыз айындағы фьючерсі 1,64%-ға арзандап, бір трой унциясы үшін 4030,9 долларды құрады. Күмістің шілде айындағы келісімшарттарының құны да 1,62%-ға төмендеп, унциясына 58,71 долларға жетті.