Әлемдік мұнай бағасы төмендеді
WTI маркалы мұнайдың шілде фьючерстері де 5,06 пайызға төмендеп, 91,71 доллар болды.
Әлемдік мұнай бағасы "АҚШ пен Иран бейбіт келісімге жақындап қалды" деген хабарламалар аясында төмендеп жатыр. Brent маркалы мұнайдың бағасы барреліне 98 долларға дейін түсті.
Лондондағы ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың шілде айындағы фьючерстері 4,87 пайызға арзандап, барреліне 98,49 долларды құрады. Бұл туралы Астана уақытымен 08:00-дегі сауда деректері көрсетеді.
WTI маркалы мұнайдың шілде фьючерстері де 5,06 пайызға төмендеп, 91,71 доллар болды.
23 мамырда АҚШ пен Иран бейбіт келісім аясында өзара түсіністік меморандумын (МОВ) дайындау бойынша келіссөздерді негізінен аяқтағаны белгілі болды. Бұл келісімге сәйкес, Ормуз бұғазы – әлемдік мұнай мен сұйытылған табиғи газ жеткізілімдерінің шамамен бестен бірі өтетін маңызды өткел – қайта ашылуы тиіс.
Алайда кейбір күрделі мәселелер бойынша тараптар әлі де ортақ келісімге келген жоқ.
- Петропавлда ер адам итке қатыгездік көрсетіп, қинап өлтірген 15:30
- Атыраудағы қанды қылмыс: Қайынжұртын өлтірген Сәрсемәлиев өмір бойына сотталды 15:25
- «Жерлеу концерті» тоқтатылды: Астанадағы жертөледен 65 адам шығарылды 15:12
- Астана – Петропавл жолында автокөлік өртенді: Қаза тапқандар бар 14:54
- «ҚазАгроҚаржы» жарты жылда 250 млрд теңгеден астам сомаға техниканы лизингке берді 14:35
- "Дұрыс емес шешім" – эколог Алматыдағы арықтардың бетонмен жабылуына қарсы шықты 14:17
- Ірі кәсіпорындардың ауаға шығарындылары енді автоматты түрде бақыланады 13:59