Әлемдік қажылық: Шекарадан өту ережелері өзгерді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлемдік қажылық елі шетелдіктерге шекарадан өту ережелерін өзгертті. 

Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.

Коронавирусқа қарсы толық вакцинациядан өткен туристік виза иелері Сауд Арабиясына карантинсіз кіре алады. 

Ел аумағына келесідей вакциналардың бірімен егілген саяхатшылар кіргізіледі: Astra Zeneca, Pfizer, Moderna және Johnson and Johnson.

Сонымен қатар, Sinopharm немесе Sinovac вакцинациясын алған туристерге де шекарадан өтуге рұқсат етіледі. 

Соңғы аталған вакцина түрлерін алған саяхатшылар, ел билігі бекіткен төрт вакцинаның біреуін таңдап, қосымша доза алуы тиіс.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы