Әлемдік қауіпсіздікті қамту жүйесі құлдырап кетті – Кейн

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Халықаралық бейбітшілік орталығының бұрынғы вице-президенті Ангела Кейн «Астана клубының» алтыншы отырысының сессиясында айтты.

Ұжымдық қауіпсіздік – жаһандық мәселе. Біз өз пікірталастарымызда көп тарапты ынтымақтастық мәселесіне қайта ораламыз. Ынтымақтастық әлі де мүмкін дүние және оны жүзеге асыру керек. Әлемдік қауіпсіздікті қамту жүйесі құлдырап кетті, – деді Ангела Кейн.

Ол атағандай, жаһандық көшбасшылардың қабылдайтын шешімдері бүкіл әлемнің болашағын негіздейді.

Айта кетейік, бұл сессияда әлемдік жүйедегі өзгерістерге байланысты қауіпсіздіктің жаһандық архитектурасының қазіргі күйі сөз болды. Соңғы жылдары қақтығыстарға қатысты күн тәртібі сақталып келеді. Ұжымдық іс-әрекет орнына әлемдік державалардың біржақты қимылы жиі байқалады.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы