Әлемдегі журналистер үшін ең қауіпті аймақ белгілі болды

Әлемде журналистердің шамамен 90 пайызының өлімі әлі күнге дейін ашылмаған, ал Газа секторындағы жағдай БАҚ өкілдері үшін тарихтағы ең қауіпті қарулы қақтығысқа айналды. Бұл туралы БҰҰ Бас хатшысының ресми өкілі Стефан Дюжаррик күнделікті брифинг кезінде мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ БелТА агенттігіне сілтеме жасап.

2 қараша — журналистерге қарсы жасалған қылмыстарда жазасыздыққа жол бермеу жөніндегі халықаралық күн. Осыған орай Стефан Дюжаррик бүкіл әлемдегі, әсіресе Газа секторындағы журналистердің өміріне төніп тұрған үлкен қауіп туралы еске салды.

Журналистердің өлтірілуіне қатысты істердің тоғызынан тоғызы ашылмай қалып отыр. Газа – барлық соғыстардың ішінде журналистер үшін ең қауіпті жерге айналды, — деді ол.

Дюжаррик сонымен қатар БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриштің мәлімдемесін келтіріп, журналистердің өлімін тәуелсіз және әділ түрде тергеуге шақырғанын айтты.

Жазасыздық – сөз бостандығына жасалған қастандық әрі демократияның өзіне төнген қатер. Егер журналистердің үнін өшірсе – онда бәріміз үнсіз қаламыз, — деді Гутерриштің сөзін мысалға келтірген Дюжаррик.

Халықаралық ұйымдар мен БАҚ дерегінше, Израиль соңғы екі жылда Газаға жасаған шабуылдар кезінде 250-ден астам журналистің өліміне кінәлі, олардың басым бөлігі кәсіби міндетін атқару барысында қаза тапқан.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы