Әлемдегі үздік университеттер рейтингісі жарияланды

2024 жылғы әлем университеттерінің академиялық рейтингінде (ARWU) еуропалық және американдық университеттер көш бастап тұр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Euronews жазуынша, 2024 жылы британдық, неміс, француз және Швейцария университеттері ARWU (әлемдік университеттердің академиялық рейтингі) бағалауы бойынша үздік жоғары оқу орындарының қатарына енді.

22-ші жыл қатарынан Кембриджде орналасқан Гарвард университеті рейтингте бірінші орынды иеленді. Одан кейін тағы екі Американдық Университет - Стэнфорд университеті және Массачусетс технологиялық институты (MIT) үздік үштікті тұр.

Ұлыбританияда орналасқан Кембридж университеті төртінші орынға ие болды.Сонымен қатар Оксфорд университеті де алтыншы орынға ие болды. Дәл осы екі еуропалық университет алғашқы ондыққа кірді.

Оксфорд және Кембридж университеттерінен өзге, үздік 50 университет қатарына ескі әлемнің басқа ЖОО да кірді. Олардың қатарында Париж-Сакле француз университеті бар. Ол өткен жылмен салыстырғанда үш сатыға жоғарылап, 12-ші орында тұр.

Цюрих технологиялық институты (Швейцария) әлем бойынша 21-ші орында. Лондон императорлық колледжі 25-ші, ал Копенгаген университеті — 32-ші орында.

100 үздік оқу орындарының ең көбі АҚШ пен Қытайда — сәйкесінше 38 және 14 университет.
Еуропада үздік 100 университеттің ең көбі Ұлыбританияда орналасқан.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы