Әлемдегі маржандардың 60% өзгеріске ұшыраған
Әлемдегі мұхит маржандарының 60 пайызы табиғи түсін жоғалтып, ағарып кеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.
Бұл олардың жойылуға бет алғанын білдіреді, - дейді мамандар.
Аталған зерттеуді АҚШ-тың Мұхиттар жөніндегі ұлттық әкімшілігі жүргізіп отыр. Маржандардың ағаруы климат өзгерісінің әсерінен туындаған. Жалпы дүниежүзінде маржандардың көлемі 600 мың шаршы шақырымға тең еді, 2000-жылға қарай олардың аумағы 250 мың шаршы шақырымға қысқарған.
Ғалымдар ғаламдық жылыну деңгейі 2 градусқа жеткенде жер бетіндегі барлық маржандар жойылып, мұхиттардағы табиғи тепе-теңдік бұзылып, адамзат үшін үлкен экологиялық апатқа әкеледі деп алаңдайды.
Мұхиттардағы тіршілік иелерінің 25 пайызы осы маржандарды мекен қылады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Пара беруге итермелеген алаяқтар 10 жылға сотталды
Өзгелердің жаңалығы