Әлемдегі коронавирус. Пәкістан шектеу шараларын күшейтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Covid-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.

Пәкістан коронавирустың таралуына байланысты шектеу шараларын күшейтті. Коронавирусқа оң нәтижелі сынақтар көрсеткіші 10% - дан асатын қалаларда үй-жайларда үйлену тойларын өткізуге тыйым салынды. Сондай-ақ 12 жасқа дейінгі балалар оқитын мектептерге, кинотеатрларға, храмдарға бару 50%-ға шектелген. Қоғамдық көлік жүктемесі 70%-ға дейін қысқарды. 

Гонконгта жануарлардың адамдарға COVID-19 жұқтыруы ықтимал деген қауіппен 2 мыңнан астам хомякты “жоймақшы”. Зоодүкен иесінің “дельта” штамын жұқтырғандығы анықталғаннан кейін дүкендегі хомяктар коронавирусқа тексерілді. Осыдан кейін билік қаланың үй жануарлары дүкендерінен және жақында хомяктарды сатып алушылардан бұл кеміргіштерді жоюды талап етті.

Бірқатар елде коронавируспен ауыратындардың тәуліктік өсуі бойынша антирекордтар орнатылды: Францияда – 464 769, Италияда – 228 179, Бразилияда – 137 103, Германияда – 112 323 , Португалияда – 43 729, Жапонияда – 32 197, Словенияда – 12 286, Хорватияда – 10 427.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы