Әлемдегі ең тартымды туристік қалалар рейтингі жарияланды
Жалпы рейтингте Нью-Йорк қаласы бірінші орынға шықса, Париж екінші, Осака үшінші орынға жайғасты.
Yanolja зерттеу орталығы, Purdue University және Kyung Hee University бірлесіп әзірлеген 2026 жылғы туристік қалалардың жаһандық тартымдылық индексі жарияланды.
Euronews-тің хабарлауынша, рейтинг 14 тілдегі әлеуметтік желілердегі пікірлерді талдау негізінде жасалып, әлемнің 200 туристік бағытын қамтыды. Бағалау барысында қалалардың танымалдығы ғана емес, саяхатшыларға қалдыратын эмоционалдық әсері де ескерілген.
Жалпы рейтингте Нью-Йорк қаласы бірінші орынға шықса, Париж екінші, Осака үшінші орынға жайғасты. Ал алғашқы ондыққа Киото, Сеул, Лондон, Рим, Бангкок, Окинава және Чикаго енді.
Эмоционалдық тартымдылық көрсеткіші бойынша көшті Осака бастап, одан кейін Киото мен Нью-Йорк орналасты. Бұл санатта Азия қалаларының басымдығы байқалды: алғашқы ондықтағы қалалардың алтауы Азияда орналасқан.
Зерттеу авторларының айтуынша, қазіргі таңда туристерді тек көрікті жерлер ғана емес, ерекше әсер сыйлайтын, есте қалатын әрі өзгелерге ұсынуға тұрарлық саяхат тәжірибесін ұсынатын қалалар көбірек қызықтырады.
- Қазақстан мен Малайзия жоғары оқу орындары академиялық ынтымақтастықты кеңейтуде 19:49
- Непалда су тасқынынан кейін мектептерді қалпына келтіруге $15 млн-нан астам қаржы қажет 19:10
- Астанада салынып жатқан бес қабатты үйден өрт шықты 18:08
- Президент БРИКС cаммитінде бірқатар елдің және халықаралық ұйымдардың делегация басшыларымен жүздесті 17:50
- Мемлекет басшысы Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модимен кездесті 17:15
- Ақмола облысында 148 гектар аумақтағы дала өрті сөндірілді 16:51
- Тегін берілетін дәріні заңсыз сатқан: 60-тан астам дәріхана мен медициналық ұйым жазаланды 16:15