Әлемдегі ең сұлу ару анықталды

25 жастағы мексикалық Фатима Бош «Әлем аруы – 2025» байқауының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бангкокта өткен «Әлем аруы – 2025» байқауына 120 елдің сұлулары қатысты.

Биылғы іс-шара ұйымдастырушылық жағынан түрлі дауларға ұшырап, ең көп талқыланған оқиғалардың бірі болды.

Байқауда 25 жастағы мексикалық Фатима Бош жеңімпаз атанды. Оған тәжді “Әлем аруы – 2024” иегері, даниялық Виктория Кьер Тейлвиг табыстады.

Финалда ол Таиланд, Венесуэла және Филиппин аруларын жеңіп шықты.

Фатима сән саласындағы жобалармен айналысады, онкологиялық ауруы бар балаларға көмектеседі, сондай-ақ мигранттарды қолдау мен табиғатты қорғау жобаларына үнемі қатысады.

Әлем сұлуларының Топ-5 тізімі:

• 1-вице-мисс — Правинар Сингх (Таиланд)
• 2-вице-мисс — Стефани Абасали (Венесуэла)
• 3-вице-мисс — Ахтиса Манало (Филиппин)
• 4-вице-мисс — Оливия Ясе (Кот-д’Ивуар)

Айта кетейік, Қазақстан атынан байқауға Дана Алмасова қатысты.

Сондай-ақ, жақында "Қазақ аруы – 2025" байқауының жеңімпазы анықталған болатын. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы