Әлемдегі ең қауіпсіз компанияның ұшағы апатты жағдайда қонды
Австралияның ірі әуе компаниясы Qantas-қа тиесілі Boeing 737 ұшағы Сидней әуежайында ұшқыштардың кабинасының түтіндеуіне байланысты шұғыл қонды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
АВС таратқан мәліметке сәйкес, лайнер Сидней – Перт бағытында ұшқан.
Qantas компаниясының өкілі ұшқыштар мұндай жағдайға жақсы дайындалғандықтан ұшақты сәтті қондырды деп отыр.
Түтін салонға өтіп үлгермеген. Командир бірден қонуға рұқсат сұраған. Жолаушылардың ешқайсысы зардап шекпегені айтылды. Олардың барлығы басқа рейске ауыстырылған.
Әуе компаниясы олардың техникалық қызметі тексеру жүргізіп, ұшқыштар кабинасында болған жайттың себебін анықтайтындарын алға тартты.
Qantas – әлемдегі ең қауіпсіз тасымалдаушылардың бірі саналады. Ұшақпен байланысты апатта адамдар қаза тапқан соңғы әуе апаты 1951 жылы болған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы