Әлемдегі ең қымбат футболшы анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Франция құрамасы мен ПСЖ-ның шабуылшысы Килиан Мбаппе 21 жасқа дейінгі футболшылар арасында ең құндысы атанды.

prosports.kz сайтының мәліметіне қарағанда, 21 жастағы футболшының нарықтағы құны 183,3 миллион еуроны құрады. 

Үштікке «Атлетико» ойыншысы Жоау Фелиш (104 миллион) пен «Челси» футболшысы Кай Хаверц (98 миллион) енді. 

Сондай-ақ тізімде Альфонсо Дэвис (Канада, «Бавария», 88,3 миллион), Маттейс Де Лигт (Нидерланды, «Ювентус», 86,8), Джейдон Санчо (Англия, «Боруссия»/Дортмунд, 86,6), Эрлинг Холанд (Норвегия, «Боруссия»/Дортмунд, 68,3), Ашраф Хакими (Марокко, «Интер», 66,3), Виктор Осимхен (Нигерия, «Наполи», 63), Ферран Торрес (Испания, «Манчестер Сити», 57,7) бар.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы