Әлемдегі ең ірі музыка фестивалі тағы тоқтатылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сәуір айында өткізіледі деп жоспарланған Коачелла фестивалі 2021 жылы да болмайды.
Коачелла әлемдегі ең ірі музыкалық фестивальдердің бірі коронавирусқа байланысты екінші жыл қатарынан өтпейді. Бұл туралы Twitter-де Калифорния штатындағы Риверсайд округі денсаулық сақтау жүйесінің өкілі Кэмерон Кайзер хабарлады.
Бір күн бұрын ол сәуір айына жоспарланған фестивальдің күшін жою туралы бұйрыққа қол қойды.
Біз іс-шаралардың қайтадан өткізілуін асыға күтеміз, - деді Кайзер.
Өткен жылы фестиваль 20 жылда алғаш рет өткізілген жоқ. Содан кейін ұйымдастырушылар шараны 2021 жылға ауыстыру туралы шешім қабылдаған болатын.
Жалпы пандемияға байланысты өткен жылы түрлі фестивальдер мен іс-шаралар жаппай тоқтатылғаны белгілі болды.
Айта кету керек, 2020 жыл әлемдік туризм үшін тарихтағы ең нашар жыл болды. Халықаралық сапарлар саны 74%-ға төмендеді, ал туризм саласындағы шығындар 1,3 трлн долларды құрады.