Әлемдегі ең ірі экологиялық акция қалай өтеді?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы WWF бағдарламасының Орталық Азия бойынша директоры Григорий Мазманянц «Жер сағаты» туралы брифингте айтты.
«Жер сағаты» әлем бойынша ең ірі экологиялық акция болып есептеледі. Ол 2007 жылы пайда болды. Қазақстан акцияға 2009 жылы қосылды. Жыл сайын ел экологиялық өзекті тақырыпты таңдап, акция өткізеді. Дәстүрлі түрде наурыздың соңғы сенбісінде 8:30-9:30-дан бастап тұрғындар мен мекемелер жарықты өшіреді. Биыл Қазақстан экотуризм саласын таңдады. Осыған дейін экологиялық белсенділік тақырыбы болды, - деді ол.
Григорий Мазманянц атап өткендей, экологиялық туризм соңғы жылдары қарқынды дамып жатыр.
Жыл сайын оның өсу қарқыны 20 пайызды құрап отыр. Елдің әсем табиғаты за баршылық. Оларға келетін адамдар да жыл санап артып жатыр. Бұл акция осы сынды өзекті мәселелерге көңіл аударуды арттыру үшін керек, - деді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы