Әлемдегі ең бай адамдардың рейтингі өзгерді
Бірнеше күн бұрын әлемдегі ең бай адамдардың тізімі өзгерді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Ceoworld басылымына сілтеме жасап.
Бірнеше күн бұрын әлемдегі ең бай адамдардың тізімі өзгерді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Ceoworld басылымына сілтеме жасап.
Сонымен әлемдегі ТОП-10 бай адам кімдер және неге иелік етеді:
1. Илон Маск – $314.4 миллиард. Оның байлығы негізінен Tesla, SpaceX және X (бұрынғы Twitter) сияқты компанияларынан құралған.
2. Ларри Эллисон – $234.9 миллиард. Oracle компаниясының негізін қалаушы және технология индустриясының жетекшісі.
3. Джефф Безос – $214.7 миллиард. Amazon компаниясын құрып, Blue Origin ғарыш компаниясы арқылы да танымал болды.
4. Марк Цукерберг – $194.8 миллиард. Facebook (қазіргі Meta) негізін қалаушы ретінде танымал.
5. Бернар Арно және отбасы – $155 миллиард. LVMH сән және люкс тауарлар империясын басқарады.
6. Уоррен Баффет – $148.3 миллиард. Berkshire Hathaway инвестициялық конгломератының басшысы ретінде әйгілі.
7. Ларри Пейдж – $139.4 миллиард. Google негізін қалаушылардың бірі.
8. Сергей Брин – $133.4 миллиард. Ол да Google-дың негізін қалаушы.
9.Дженсен Хуан - $ 127.9 миллиард. Ол NVIDA компаниясының негізін қалаушы.
10. Амансио Ортега - $ 122,6 миллиард. Ортега Inditex корпорациясының негізін қалаушы.