Әлемдегі ең әдемі теңіз үстіндегі мейрамханалардың бірі суға батып кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Гонконгтағы су үстіндегі әйгілі Jumbo мейрамханасы Оңтүстік Қытай теңізіне батып кетті. Оқиға «жүзетін сарайды» 50 жыл тұрған орнынан қозғалтқан соң орын алған деп жазады Daily Mail. 

Мейрамхана қызметкерлерінің айтуынша, Гонконгтың көрнекі орындарының бірі саналатын Jumbo Kingdom-ның орнын 50 жыл тұрған айлақтан басқа жерге ауыстырған. Алайда арада бірнеше күн өткен соң оған су кіріп, батып кетеді.

Кемедегі экипаж мүшелерінің ешқайсысы зардап шекпегенімен, кеме-мейрамхананы құтқарып қала алмады. 

 Ұзындығы 80 метрге жететін су бетіндегі мейрамхана жарты ғасырға жуық уақыт бойы Гонконгтың сәніне айналды. 3 млн-нан астам келушілерге қызмет көрсеткен. Олардың арасында британиялық Елизавета ІІ патшайым мен актер Том Круз қонақ болған. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы