Әлемдегі әйгілі мешіт өртеніп кетті

Испанияның оңтүстігіндегі Андалусия аймағында орналасқан тарихи мұра – Кордова мешітінде өрт шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Anadolu агенттігінің мәліметінше, жергілікті билік пен өрт сөндіру қызметінің мәліметінше, оқиға 9 тамыз күні жергілікті уақытпен сағат 21:15-те тіркелген. 

Төтенше жағдай туралы хабарды жақын маңдағы тұрғындар берген.

Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер жедел әрекет етіп, тілсіз жауды оқшаулады. Өртті сөндіруге бес техника және арнайы жабдықтар тартылған.

Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Еске салайық, бұған дейін Африканың бірнеше елінде қауіпті індет тарап жатқаны туралы жаздық.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы