Әлемде: Украина мен Ресей келіссөздері, Литва мен Беларусь шекарасы

BAQ.KZ тілшісі бір тәулік ішінде болған маңызды халықаралық жаңалықтар топтамасын ұсынады. Бұл шолуда әлемдегі жалпы жағдайды көрсететін оқиғалар қамтылады.

АҚШ Украинадағы бейбітшілік жоспарын 28 тармақтан 19-ға дейін қысқартты

АҚШ пен Украина жаңа бейбітшілік келісімінің жобасын әзірлеп, оны 28 тармақтан 19 тармаққа дейін қысқартты. 

Женевадағы келіссөздерге қатысқан Кислицаның айтуынша, кездесу «шиеленісті, бірақ нәтижелі» өткен. Нәтижесінде екі тарапқа да «жағымды әсер қалдырған» құжаттың жаңартылған жобасы дайындалған.

Бірнеше сағатқа созылған күрделі келіссөздерден кейін тараптар бірқатар маңызды мәселелер бойынша уағдаластық. Ал ең даулы тұстарды Дональд Трамп пен Владимир Зеленскийдің деңгейінде талқылау үшін ашық қалдырдық, - деді Кислица.

Оның айтуынша, жаңа құжат бастапқы жоспардан едәуір өзгеше.

Алғашқы нұсқадан өте аз қалды. Біз позицияларды жақындататын нақты шаралар жиынтығын әзірледік. Кейбір мәселелер бойынша компромиске дайынбыз, ал қалғаны екі ел басшыларының шешіміне байланысты, - деп атап өтті ол.

Бұған дейін NBC News 28 тармақтан тұратын жоспар туралы хабарлаған еді. Онда украин армиясының санын азайту, әскери көмекті қысқарту, орыс тіліне мемлекеттік мәртебе беру, сондай-ақ Донбасс пен Қырымды Ресейдің бөлігі ретінде тану туралы ұсыныстар болған.

Жапония Қытаймен диалогқа дайын екенін мәлімдеді

Жапония Үкіметі Қытаймен арадағы қатынастардың шиеленісуіне қарамастан, әртүрлі деңгейде диалог жүргізуге және өзара түсіністікті тереңдетуге ашық. Бұл туралы Министрлер Кабинетінің Бас хатшысы Минору Кихара мәлімдеді.

Оның айтуынша, Токионың ұстанымы өзгерген жоқ.

Біз қиындықтарды азайтып, өзара күш-жігер арқылы түсіністік пен ынтымақтастықты күшейткіміз келеді, - деді Кихара.

Ол Жапония жағдайдың дамуын мұқият бақылап, тиісті шаралар қабылдайтынын қоса атап өтті.

Сонымен қатар, Кихара БҰҰ жанындағы Жапонияның тұрақты өкілі ұйым Бас хатшысы Антониу Гутерришке хат жолдағанын айтты. Бұл хат Қытайдың БҰҰ-дағы өкілінің мәлімдемесіне жауап ретінде жіберілген. Аталған мәлімдемеде Пекин Жапония Тайвань бұғазындағы жағдайға әскери араласуға тырысса, ҚХР өзін-өзі қорғау құқығын пайдаланатынын ескерткен.

Бұған дейін Жапония Премьер-министрі Санае Такаити парламентте Тайваньдағы ықтимал әскери дағдарыс Жапония үшін «экзистенциалды қауіп» болатынын, сондықтан Токионың «ұжымдық өзін-өзі қорғау құқығын» қолдануына себеп болуы мүмкін екенін айтқан. Бұл мәлімдеме Бейжіңнің қатты наразылығын тудырды.

Даулы жағдайды ушықтырған тағы бір оқиға – Қытайдың Осакадағы бас консулы Сюэ Цзяньдің әлеуметтік желідегі жазбасы болды. Ол жапон премьерін «басын кесіп тастаймын» деп қорқытқан жазба кейін өшірілді. Осыдан кейін ҚХР Сыртқы істер министрлігі азаматтарға Жапонияға барудан сақтандыру туралы ескерту жасап, жапон теңіз өнімдерін импорттауды тоқтататынын хабарлады.

Тарихи тұрғыдан Тайвань 1949 жылдан бері өзін-өзі басқарып келеді. Қытай Азаматтық соғысы аяқталғаннан кейін Чан Кайши бастаған күштер осы аралға шегініп, бұрынғы Қытай Республикасының туы мен рәміздерін сақтаған еді. Ал Бейжіңнің ресми ұстанымына сәйкес, Тайвань – ҚХР-дың ажырамас бөлігі. Бұл позицияны көптеген мемлекеттер, соның ішінде Ресей де қолдайды.

АҚШ Мадуроны шетелдік террористік ұйымның мүшесі деп таныды

АҚШ Қаржы министрлігі Венесуэла президенті Николас Мадуро мен оның серіктестерін Cartel de los Soles шетелдік террористік ұйымының мүшелері деп жариялады.

Бұл шешім Мадуро мен айналасындағы тұлғаларға қарсы жаңа санкциялар енгізуге жол ашады.

Хабарламада аталған ұйым есірткі трафигімен байланысты Венесуэла Қарулы Күштері өкілдерінің децентрализденген желісін қамтитыны айтылған. Сарапшылар бұл ұйымды классикалық қылмыстық топқа емес, үкіметтің сыбайлас шенеуніктеріне тән құрылым деп сипаттайды.

Айта кетейік, бұл мойындау АҚШ-қа күш қолдануға автоматты түрде рұқсат бермейді, бірақ экономикалық және қаржылық санкциялар енгізу мүмкіндігін береді. Мадуро мен үкіметі ұйымның бар екенін жоққа шығарып келеді.

Алжир Францияның отарлық қылмыстарын заң жүзінде айыптауға дайын

Алжир Парламентінің арнайы комиссиясы Францияның отарлық кезеңдегі қылмыстарын криминализациялауға бағытталған заң жобасын әзірлеуді аяқтады. Құжат алдағы уақытта Үкіметке жолданады. 

Комиссия бір жыл жұмыс істеп, заң мәтінін толық дайындады. Енді ол үкіметтің қарауына жіберіліп, қорытындыдан кейін Парламенттің пленарлық отырысына талқылауға қайтарылады, - деді депутат.

Садук заң Парламенттің осы шақырылымы аяқталғанға дейін қабылдануы тиіс екенін атап өтті. Оның айтуынша, бұл құжат Алжир халқының тарихи әділеттілігін қалпына келтіру үшін қажет.

Франция 2005 жылы өз заңын қабылдап, әріптестерін және бұрынғы серіктестерін дәріптеуден тартынбады. Ал Алжир, керісінше, өз тарихи шындығын заңдастыруда кешігіп келеді. Бұл – саяси конъюнктураға емес, шындық пен халықтың қадір-қасиетіне қатысты мәселе, - деді Садук.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы