Әлемде: Трамптың жарлығына наразылық, экс президенттің қазасы

BAQ.KZ тілшісі әлемде соңғы тәулікте болған оқиғаларға шолу жасап, жария болған жаңалықтар топтамасын ұсынады.

Қытай Трамптың жарлығына наразылық білдірді

АҚШ президенті Дональд Трамп Канада, Мексика және Қытайдан әкелінетін импортқа баж салығын енгізу туралы жарлыққа қол қойды.

Негізгі тармақтар:

• Мексика және Канададан келетін тауарларға 25% баж салығы енгізілді.

• Қытайдан әкелінетін тауарларға 10% баж салығы салынды.

• Канадалық энергетикалық ресурстарға арнайы 10% мөлшерлеме белгіленді, бұл АҚШ-та бензин мен коммуналдық қызметтер бағасының өсуін шектеу үшін жасалды.

Трамптың айтуынша, бұл шаралар заңсыз иммиграция және есірткі, соның ішінде фентанил контрабандасымен күресу қажеттілігіне байланысты қабылданған. Ол бұл баж салығы Канада мен Мексика АҚШ-пен осы мәселелерді шешуде ынтымақтаспайынша күшінде болатынын мәлімдеді.

Қытай билігі АҚШ-тың баж салығына наразылық білдірді. Елдің Сауда министрлігі Пекиннің Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) шағым түсіріп, тиісті қарсы шаралар қабылдайтынын мәлімдеді.

Қытай бұл шешімге қатты наразы және оған үзілді-кесілді қарсы, – делінген ведомствоның ресми сайтында жарияланған мәлімдемеде.

Канада үкіметі АҚШ-қа жауап берді

Алайда үш мемлекеттке де жаңа преиденттің бұл жарлығы ұнай қоймады.

АҚШ-тың бұл әрекетіне жауап ретінде Канада үкіметі АҚШ-тан әкелінетін 107 миллиард доллар көлеміндегі тауарларға 25% баж салығын енгізетінін жариялады. Сондай-ақ, канадалықтарға АҚШ-қа сапарларын қайта қарастыруға кеңес берді.

nstagram/justinpjtrudeau

Мексика Президенті Клаудия Шейнбаум ел мүддесін қорғау үшін қарсы шаралар қабылданатынын мәлімдеді.

Сарапшылардың пікірінше, бұл сауда кедергілері АҚШ-та тауарлар, соның ішінде азық-түлік пен автокөлік бағасының өсуіне әкелуі мүмкін. АҚШ-тың негізгі сауда серіктестерімен қарым-қатынасының нашарлауы ғаламдық экономикаға кері әсерін тигізуі ықтимал.

Германияның бұрынғы президенті қайтыс болды

Германияның бұрынғы президенті Хорст Кёлер 81 жасында қайтыс болды. Бұл туралы BAQ.KZ DW ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлады.

Кёлер 31 қаңтар күні таңертең қысқа мерзімді ауыр науқастан кейін көз жұмғаны туралы Берлиндегі Федералды президенттің кеңсесі хабарлады.

Ол 2004 жылы алғаш рет Германия президенті болып сайланды. 2010 жылы күтпеген жерден отставкаға кетті.

Потомак өзеніне құлаған тікұшақтың қара жәшігі табылды

Вашингтондағы тергеушілер Bombardier CRJ700 жолаушылар ұшағы мен Black Hawk әскери тікұшағының соқтығысу себебін анықтауды жалғастыруда. 29 қаңтарда орын алған әуе апатының нәтижесінде Потомак өзеніне құлаған Sikorsky UH-60 Black Hawk тікұшағының қара жәшігі табылды. Бұл туралы 31 қаңтарда кешкі уақытта dpa агенттігі АҚШ-тың Ұлттық көлік қауіпсіздігі кеңесіндегі (NTSB) өкіліне сілтеме жасап хабарлады.

Қара жәшіктің құрамына борттық дауыс тіркеуші (экипаж мүшелерінің әңгімелері жазылады). Цифрлық ұшу деректерін тіркеу құрылғысы (ұшақтың қозғалысы мен техникалық параметрлері тіркеледі).

Бұған дейін Потомак өзенінде Bombardier CRJ700 жолаушылар ұшағының қара жәшігі табылған болатын.

Сарапшылардың пікірінше, борттық тіркеу құрылғыларының деректерін талдау апаттың нақты себебін анықтауға көмектеседі. Қазіргі уақытта террорлық шабуыл немесе қасақана қылмыстық әрекетке қатысты ешқандай дәлел жоқ.

Бұл тергеудің нәтижелері ұшақ қауіпсіздігі саласындағы маңызды мәліметтерді анықтауға мүмкіндік береді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы