Әлемде Қытаймен визасыз режим енгізген елдер аз емес

«Zalia trans» логистикалық компанияның директоры Арбек Баймұхамедов Қытаймен арадағы визасыз режимге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ. тілшісі.

Визасыз режим екі ел арасындағы экономикаға үлкен серпін береді. Енді жүк көліктері Қытайға кедергісіз кіріп, жүктерді тиеу процесін толық орындай алады. Қытаймен арамызда сауда-саттық айналым жүретіндіктен бұл жағдай кәсіпкерлерге оң әсерін беретін болды. Қолданыстағы заттар арзандап, қымбатшылық жойылады. Пандемия кезінде визалық режим қатаңдай түскен еді. Сол кезде эконмикамыз әлсіреп кетті. Салдарынан көрші елге сапарымыз айтарлықтай қысқарып, бизнеске кері әсер еткен еді. Енді мүмкіндік туып отыр, - дейді ол.

Әлемде Қытаймен визасыз режим енгізген елдер аз емес.

Бұрынғыдай емес, қазір елге кімнің кіріп-шыққаны, уақыты базада көрініп тұр. Бақылау толық бар. Олардың да Қазақстанда қалуға құлқы жоқ. Ал заң бұзатындар болса олар визалық шектеуге қарамайды. Қытайлар үлкен-үлкен базарларда, қоймаларда отыр.  Ал турист ретінде келетіндерден экономикаға пайдасы болмаса зияны жоқ деп ойлаймын. Әлемде Қытаймен визасыз режим енгізген елдер аз емес. Біздің билік те солардың тәжірибесін пайдалануды көздейтіні анық, – дейді "Zalia trans" логистикалық компанияның директоры Арбек Баймұхамедов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: gov.kz
Өзгелердің жаңалығы