Әлемде қуаңшылық жайлаған жер көбейіп барады

Әлемдегі жерлердің төрттен үшін қуаңшылық жайлаған, деп хабарлайды BAQ.KZ 24kz-ке сілтеме жасап. 

Бәріне климаттың өзгеруі себеп. Бұл туралы БҰҰ өкілдері хабарлайды. Олардың айтуынша, қазіргідей рекордтық температуралар сақталса, ғасыр соңына таман құрғақшылықтан 5 млрд адам зардап шегуі мүмкін. Ол негізінен Еуропа, Бразилия, Шығыс Азия мен Орталық Африка елдерінің тұрғындары. 

Мамандар қуаңшылық соңы жерлердің тозуы, су тапшылығы, азық-түлік қауіпсіздігіне ғана кері әсер етіп қоймай, өңірлердің экономикалық дамуы мен климаттық босқындардың көбеюіне кесірін тигізуі мүмкін екенін ескертеді. 

Әлемде қуаңшылық жайлаған жерлер көбейіп барады. Қазір сонда 2 млрд 200 млн адам тұрып жатыр. Өкініштісі сол – бұл сан жылдан жылға тек арта түседі, - деді баяндама авторы Серхио Висенте-Серрано.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы