Кеше 2026, 09:17 Фото: ©BAQ.KZ архиві

Әлемде мұнай бағасы күрт көтерілді

Әлемде мұнай бағасы шарықтап кетті.

АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы әскери операциясы аясында әлемдік мұнай бағасы қайта көтерілді. Brent маркалы мұнайдың құны барреліне 100 доллардан асты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Сауда-саттық деректерінің мәліметінше, Лондонның ICE биржасында Brent маркалы мұнайға мамыр айындағы фьючерстердің құны тағы 14,57 пайызға өсіп, барреліне 100 долларлық межеден асты.

WTI маркалы мұнайдың сәуір айындағы фьючерстерінің құны 14,06 пайызға өсіп, барреліне 95,18 долларға дейін жетті.

Айта кетейік, 9 наурызда Ирандағы қақтығыстың өршуі аясында әлемдік мұнай бағасы 2022 жылдан бері алғаш рет барреліне 100 доллардан асты. Тіпті Brent маркасының құны 116-119 доллар маңындағы ең жоғары көрсеткіштерге жетті.

Бұған Ормуз бұғазы арқылы өтетін тасымалдың бұғатталу қаупі негізгі себеп болды.

10 наурызға қарай бағалар төмендей бастап, бір баррель үшін 95 доллардан төмен түсті.