Әлемде миллионерлер саны азайды
Өткен жылы бүкіл әлем бойынша миллионерлер саны азайды, деп хабарлайды BAQ.KZ DW агенттігіне сілтеме жасап.
2022 жылы мүлікті есепке алмағанда дәулеті миллион доллардан асатын шамамен 21,7 млн адам тіркелген.
Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,3 пайызға аз, деп хабарлады Capgemini француз консалтинг фирмасы.
Жер бетіндегі ең бай адамдардың жиынтық мүлкі 3,6 пайызға азайып, 83 трлн долларды құраған.
Бұл он жылда макроэкономикалық және геосаяси белгісіздіктен туындаған ең үлкен қысқару, - деп атап өтті Capgemini.
Компанияның қаржы сарапшылары 71 елдегі мүліктік жағдайды талдады.
Компанияның мәліметінше, мүліктің ең көп саны – 7,4 пайыз Солтүстік Америкада қысқарған.
Еуропада минус 3,2 деңгейінде, ал Азия мен Тынық мұхиты аймағында 2,7 пайыз деңгейінде тіркелді. Сонымен бірге Африка, Латын Америкасы және Таяу Шығыста мүлік керісінше өсті.
Бұған Ресейдің Украинаға қарсы соғысы аясында мұнай мен газ бағасының өсуі жол салды.
Capgemini қаржылық зерттеулер бөлімінің басшысы Элиас Ганем миллионерлердің азаюы мен акционерлік биржалардағы жағдай арасында тікелей байланыс бар деп санайды.
Өткен жылы американдық NASDAQ индексі 33 пайызды, француздық CAC 40 - 9,5 пайызды, ал неміс DAX - 12 пайызды жоғалтты.