Әлемде маймыл шешегі ауруынан тағы екі адам көз жұмды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы хабарлады. 

Дерттен жыл басталғалы 3 науқас қайтыс болған.

Халықаралық ұйым өкілдерінің айтуынша, марқұмдардардың бәрі Африка тұрғындары. Маймыл шешегін жұқтырғандар қарасы 6 мыңнан асып кеткен.

Бізді маймыл шешегі вирусының таралу ауқымы алаңдатып отыр. Қазірге дейін індет әлемнің 58 еліне тараған. Еуропа аурудың ошағына айналып бара жатыр. Індеттің 80 проценті Еуропада тіркеліп отыр. Ал Африкада дерт бұған дейін таралмаған елдерде белең алды. Ахуалға байланысты Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеттің отырысын өткізіп, тиісті шаралар қабылдауға ниеттіміз, – деді ДДСҰ бас директоры Тедрос Аданом Гебрейесус.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы