Әлемде коронавируспен сырқаттанушылық бойынша 110-орында тұрмыз – Цой
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлады. Оның айтуынша, республикамыз әлемде 222 ел ішінде сырқаттанушылық бойынша 110-орында тұр.
Ал өлім-жітім бойынша әлемдік рейтингте 1 млн тұрғынға шаққанда өлім-жітім бойынша 102-орында тұр, – деп атап өтті ведомство басшысы.
Сонымен қатар ел аумағындағы эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келе жатқанын алға тартты.
Инфекциялық төсек-орындар 23%-ға, реанимациялық төсектер 20%-ға толы. Соңғы екі аптада сырқаттанушылық 28%-ға төмендеді. Репродуктивтілік саны 0,89-ды құрайды. Тамыз айымен салыстырғанда аурушаңдық 1,2 есеге төмендеді, – деді Денсаулық сақтау министрі.
Еске сала кетейік, бұған дейін Үкімет басшысы ревакцинация қарқынын күшейтуді тапсырған болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Ақтөбелік шаруа: Мал бағу - бейнет емес
Өзгелердің жаңалығы