Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 317 млн-нан асты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дүние жүзінде коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 317 700 427 адамға жетті. Бұл тіркелген дерек қана деп хабарлайды маңызды әлемдік оқиғалардың статистикалық деректерін жинақтайтын Worldometer.
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дүние жүзінде коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 317 700 427 адамға жетті. Бұл тіркелген дерек қана деп хабарлайды маңызды әлемдік оқиғалардың статистикалық деректерін жинақтайтын Worldometer.
Жер шарында вирус тудырған пандемия басталғалы бері 5 531 439 адам індеттің құрбаны болған.
COVID-19 жұқтырған жағдай 20 млн-нан асқан елдердің көшін әлі де АҚШ, Үндістан мен Бразилия бастап тұр.
Сондай-ақ АҚШ вирус жұқтырып, қайтыс болғандардың саны бойынша бірінші орыннан түспей келеді. Соңғы деректерге сәйкес, аталған мемлекетте 64 359 409 жайт анықталып, 866 891 адам көз жұмған.
Үндістанда да дерт тыйылмай тұр. Бұл елде COVID-19-ға 36 317 927 адам шалдықса, 485 035 адам вирустың салдарынан о дүниелік болған.
Коронавирустың көп таралу дерегі бойынша 3-орында Бразилия тұр. Онда 22 718 606 адам ауырып, олардың 620 507-і келмеске кеткен.
Бүгінгі күнгі мәліметтерге сүйенсек, ғаламшардағы 1 млн халыққа шаққанда өлім-жітім коэффициенті 709,6-ны құраған. АҚШ-та 1 млн тұрғынға шаққанда 2 596 адам, Үндістанда - 346, Бразилияда - 2 887 адам қайтыс болды.
- Жыл басынан бері мал ұрлығына қатысы бар 460-қа жуық күдікті ұсталды – ІІМ 17:33
- Қазақстан сәндік көшет өндірісін дамытып, импортқа тәуелділікті азайтпақ 17:17
- "Қазақ бауырларымызды жеңісімен құттықтаймыз!": Қырғызстан президентінің баспасөз хатшысы мәлімдеме жасады 17:03
- Алматыда екі ер адам жедел жәрдем қызметкерлеріне пышақпен қоқан-лоқы көрсеткен 16:47
- АҚШ-та бензин бағасы рекордтық деңгейге жетті 16:29
- Қазақстандықтарға бүгіннен бастап зейнетақы жинағын басқаруға жаңа мүмкіндік берілді 16:11
- «Әдебиеттегі мұңды халықтың трагедиясына айналдырмау керек» – Мереке Құлкенов 15:47