Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 265 млн-нан асты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 5 желтоқсандағы жағдай бойынша әлемде COVID-19-бен ауырғандар саны 265 млн 411 903 болды. Бұл туралы АҚШ-тағы "Хопкинс" университеті хабарлады.
Қатерлі індеттен әлемде 5 млн 249 734 адам көз жұмды.
Халқының 20 миллионнан астамы коронавируспен ауырған елдердің ең алдында АҚШ, Үндістан және Бразилия тұр.
АҚШ-та бұл сырқатпен 49 млн 051 149 адам ауырса, 788 204 адам осы аурудан көз жұмды.
Үндістанда 34 млн 633 254 адам коронавирусқа шалдыққаны анықталса, оның 471 мыңға жуығы індеттен қайтыс болған.
Бразилияда 22 млн 138 247 адам індет жұқтырғаны анықталды. Оның 615 570-і аталған сырқаттан қаза болған.
Университет дерегіне қарағанда әлемде бүгінге дейін 8 млрд 152 млн 880 мың 936 адам вирусқа қарсы емделген.
Елімізде жалпы 975150 ауырса, оның 941285-і жазылды.