Әлемде коронавирустан көз жұмғандар саны 100 мыңнан асты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-тағы Джон Хопкинс университетінің дерегінше, 10 сәуірде әлемде коронавирустың жаңа түрін жұқтырғандар саны 1,6 миллионнан асты.
Коронавирустан туындайтын Covid-19 дертінен 100 мыңнан астам адам қайтыс болды. 370 мың науқас дерттен айықты.
Вирус жұқтырғандардың 488 мыңнан астамы АҚШ-та. Бұл елде 18000-ға жуық адам қайтыс болды. АҚШ билігі алдағы бір-екі апта ел үшін өте қиын болады деп болжап отыр.
Испанияда 157 мыңнан астам адамнан вирус табылды. 15970 адам қайтыс болды. Бұл елде вирус жұқтырғандар саны сәл саябыр тапқан. Өткен күндері 6-7 мың болса, 9 сәуірде 5000-нан астам адамнан вирус анықталды.
Италияда вирус жұқтырғандар мен қайтыс болғандар саны бірнеше күн бойы төмендеп келеді. Өткен апталарда 6-7 мың адамнан вирус табылып жүрген. Кейінгі екі күнде 3-4 мыңнын арасында. Ал 7 сәуірде 604 қайтыс болса, 8 сәуірде 542 адам көз жұмды.
Қазір вирус жұқтырғандар Германия (119 мыңнан аса), Франция (117 мыңнан аса), кеше ғана Ираннан кейінгі орында тұрған Ұлыбритания бүгін ол елден асып түсті. Ұлыбританияда (73 мыңнан асты), Иран (68 мыңнан астам) және Түркияда (47 мыңнан астам) азаймай тұр.