Әлемде COVID-19 вакциналарының 4 млрд 970 миллионнан астам дозасы қолданылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Вакцина дозаларының ең көп саны Қытайда қолданылды - 1 млрд 950 млн доза.
Одан кейінгі орында: Үндістан - 580 миллион 770 мың, АҚШ - 362 миллион 660 мың, Бразилия - 176 миллион 620 мың доза. Әлемде COVID-19 жұқтырғандар саны 212 миллион 669 мыңнан асты, қауіпті вирустың салдарынан 4 миллион 445 мыңнан астам адам қайтыс болды.
АҚШ Pfizer вакцинасын мақұлдады: Пентагон міндетті иммундау туралы жарлық дайындауда. АҚШ президенті Джо Байден FDA-ның Pfizer-BioNTech вакцинасын мақұлдау туралы шешімін құптады және америкалықтарды мүмкіндігінше тезірек вакцинациялануға шақырды.
Мысырда Sinovac Қытай вакцинасының 15 миллион дозасы шығарылды. Sinovac-Vaxera вакцинасының 15 млн дозасының жергілікті өндірісі аяқталды, олар қазірдің өзінде вакцинация орталықтарына жіберілді, - деп хабарлады Араб Республикасының Денсаулық сақтау және халық министрі Хала Заид, Каирде өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, Египет жыл соңына қарай ішкі нарықтың, сондай-ақ Африканың қажеттілігі үшін шамамен 80 млн доза көлеміне қол жеткізу мақсатында ай сайын осы вакцинаның 15-тен 18,5 млн дозасына дейін өндіретін болады.
24 тамыздан бастап барлық азамат осы вакцинамен тегін егіледі, - деді министр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы