Әлемде болып жатқан оқиғалар қауіп төндіруі мүмкін - Мұрат Нұртілеу
Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу «Өзгермелі әлемдегі Азия: болашақтың күн тәртібі» Орталық Азиядағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық форумында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Біздің әлем еш уақытта тыныштықта болған емес. Қазір болып жатқан дүниелер өзіндік бір қауіп төндіруі мүмкін. Осы кедергілерге ден қоя отырып Қазақстан теңдестірілген көпвекторлық сындарлы саясатты жүргізуге бел буды. Сондай-ақ БҰҰ-ның Жарғысында және Халықаралық құқықта бекітілген құндылықтар мен қағидаттарды берік қолдаймыз, - деді министр.
Оның айтуынша, Азия өзінің экономикалық әлеуетін саяси ықпал тұрғысынан әлемдік істерде шешуші рөл атқарса, ал аймақтық кейбір бөліктерінде әлі де созылмалы қақтығыстарға өзара сенімсіздік, геосаяси бәсекелестік жайлы айтуға тура келеді.
Сонымен қатар әлеуметтік-экономикалық теңсіздік, шекара қауіпсіздігі, экстремизм сияқты мәселелер ұжымдық күш-жігерге және әл-ауқатымызға нұқсан келтіреді.
Қазақстан Азияның бейбіт және ұзақмерзімді дамуын қамтамасыз етуге бағытталған көптеген бастамасын ұдайы алға дамытып келеді. Біз экономикалық әл-ауқатқа, өзара мәдени байытуға және әлемдік инвестиция салу, әлеуметтік және экономикалық өркендеуімізге, бүкіл континенттегі қауіпсіздік пен тұрақтылыққа жол ашады деген ойдамыз. Президент Қасым-Жомарттың бастамасымен әділетті Қазақстан құрып жатырмыз, - деп айтты Мұрат Нұртілеу форумда.