Әлемде бидай бағасы арзандады

Әлемдік нарықта бидай бағасы арзандады. Бүгін Чикаго биржасында соңғы екі жылда алғаш рет астықтың бір тоннасының бағасы 220 доллардан төмен түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұған «Астық келісімінің» тағы екі айға ұзартылғаны себеп.

Сондай-ақ негізгі астық экспорттаушы елдердің бірі Ресейде биыл өнім бітік шығады деген болжам бар.

Айта кетерлігі, жүгері мен сояның да бағасы арзандады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: egemen.kz
Өзгелердің жаңалығы