Әлемде: АҚШ–Украина келіссөздері, Гонконгтегі өрт, Венесуэланың АҚШ-ты айыптауы

BAQ.KZ тілшісі әлемде соңғы тәулікте болған оқиғаларға шолу жасап, жария болған жаңалықтар топтамасын ұсынады.

Ресей мен АҚШ Майамиде Украина бойынша келіссөздер жүргізеді

Алдағы демалыс күндері Ресей Федерациясы мен АҚШ делегациялары Майамиде (Флорида штаты) Украинадағы қақтығысты шешу мәселесі бойынша консультациялар өткізеді деп күтілуде. Бұл туралы американдық Politico газеті дереккөздерге сілтеме жасап жариялады.

Dmitrii Shirinkin/Shutterstock/FOTODOM

Келіссөздерге Ресей Федерациясы президентінің арнайы өкілі, Ресейдің тікелей инвестициялар қорының басшысы Кирилл Дмитриев, АҚШ президентінің Украинаны реттеу жөніндегі арнайы өкілі Стивен Уиткофф және американдық көшбасшының күйеу баласы, кәсіпкер Джаред Кушнер қатысады.

РФ президентінің көмекшісі Юрий Ушаков, сондай-ақ Affinity Partners компаниясының негізін қалаушы Джаред Кушнер және АҚШ президентінің арнайы өкілі Стивен Уиткофф осы кездесулерге қатысатыны белгілі болды. Келіссөздерде тараптар Украинадағы қақтығысты бейбіт жолмен шешу бағытында талқылаулар жүргізеді деп күтілуде.

 

Гонконгте тағы өрт: 100-ден астам адам эвакуацияланды

Гонконгтің Тхуэнь Мунь ауданында Prime View Garden тұрғын үй кешенінде өрт шықты. Оқиға салдарынан үш адам жарақат алып, 100-ден астам тұрғын эвакуацияланды.

scmp.com

 South China Morning Post басылымының мәліметінше, өрт жергілікті уақыт бойынша шамамен 02:30-да (Астана уақыты бойынша 23:30) басталған. Алдын ала мәліметтерге қарағанда, өрттің шығуына 40 жастағы әйелдің бөлмесінде жағылған иіс сабын таяқшалары (благовония) себеп болған. От көршілес заттарға таралып, зардап шеккендер ауруханаға жеткізілген: әйелдің қолы мен аяқтары күйіп, екі көршісі де емделуге түсті.

Полиция істің қылмыстық сипатта болмағанын, яғни өрттің қасақана шығарылмағанын хабарлады.

Еске сала кетейік, Гонконгте 26 қарашада ірі өрт орын алған болатын. Сол кезде шамамен 700 адам эвакуацияланып, 156 адам қаза тапқан.

 

Венесуэла АҚШ-тың кемелерді қоршауға алу әрекетін айыптады

Венесуэла АҚШ президенті Дональд Трамптың санкцияланған мұнай танкерлерін қоршауға алу туралы бұйрығын "соғыс қаупі" деп бағалады.

freepik

 ВВС мәліметінше, Трамп Венесуэла үкіметін "шетелдік лаңкестік ұйым" деп танып, оны есірткі контрабандасы және адам саудасы іс-әрекеттерімен байланысты деп мәлімдеген. Бұйрық АҚШ-тың Венесуэла суларында мұнай танкерін басып алуы және Кариб теңізінде әскери қатысуын күшейтуімен тұспа-тұс келді.

Венесуэла билігі бұл әрекеттерді айыптап, АҚШ-ты оның ресурстарын заңсыз иеленуге ұмтылды деп санайды. Президент Николас Мадуро танкерді "ұрланған" деп атаған, ал Вашингтон мұны "заңсыз мұнай тасымалына қатысу" деп түсіндіреді.

Халықаралық қауымдастық Мадуро үкіметін адам құқықтарын бұзды деп бірнеше жыл бойы сынап келеді, ал АҚШ пен оппозициялық күштер оның билігін заңсыз деп таниды.

БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі өкілі Фолькер Венесуэладағы азаматтық бостандықтарға қатысты жағдайдың нашарлағанын және қуғын-сүргін күшейгенін атап өтті.

 

БҰҰ Бас хатшысы АҚШ пен Венесуэланы ұстамдылық танытуға шақырды

БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерриш АҚШ пен Венесуэланы ұстамдылық танытуға және жағдайды деэскалациялауға шақырды. Бұл туралы ұйым басшысының ресми өкілінің орынбасары Фархан Хак брифингте мәлімдеді.

pixabay

Бас хатшы жағдайдың одан әрі шиеленісуіне жол бермеуге назар аударады. Бас хатшы ұстамдылық танытуға және жағдайды дереу деэскалациялауға шақырады. Ол барлық тараптарды халықаралық құқық бойынша өз міндеттемелерін, соның ішінде БҰҰ Жарғысын және аймақта бейбітшілікті сақтау үшін қолданылатын басқа да құқықтық нормаларды орындауға шақырады, – деді ол.

Оның сөзінше, Гутерриш қазіргі жағдайды мұқият қадағалап, тиісті тараптармен байланыста болады.

Еске сала кетсек, АҚШ Венесуэла билігін есірткі контрабандасына қарсы белсенді күрес жүргізбеді деп айыптайды. Қыркүйектен бастап АҚШ әскери-теңіз күштері Кариб теңізінде кем дегенде 20 жылдам қайыққа соққы беріп, Gerald R. Ford атом тасымалдаушысы басқаратын кемелер тобын орналастырған. Осы операциялар кезінде 80-нен астам адам қаза тапқан.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы