Әлемде 22 млн адам пандемия салдарынан жұмыссыз қалған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дүние жүзін жайлаған коронавирус пандемиясының кесірінен 22 млн адам жұмыс орындарынан айрылуға мәжбүр болған. Бұл деректі экономикалық әріптестік пен даму ұйымы таратты деп жазады 24.kz.

Мамандардың болжауы бойынша, әлемдегі еңбекпен қамтылу деңгейі 2023 жылға дейін COVID-19-дың алдындағы жағдайға оралуы екіталай.

Әлем елдерінің жұмыссыздарды қолдау бойынша жасап жатқан күшіне қарамастан, дағдарыс жастар, әйелдер, біліктілігі төмен жұмысшылар сынды әлсіз топтарға соққы болды. Мақсатсыз іс-шаралар бұл ұзақмерзімді жағдайға ұласу қаупі бар. Мысалы, жас мамандарға деген жұмыс орындары әжептәуір қысқарған, - дейді ұйымның бас хатшысы Матиас Корман.

Дамыған мемлекеттердің еңбек нарығы жартылай ғана қалпына келтіріліпті. Пандемия әсіресе, жас және біліктілігі жоқ мамандарды есеңгіретіп тастады. Жұмыссыздың жоғары деңгейі қызмет көрсету, атап айтқанда, туризм саласында қатты байқалып отырған көрінеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы