Кеше 2026, 18:29 Фото: instagram.com/afishi.astana

Әлем жұлдыздары Қазақстанға келе ме: Eminem мен Shakira-ның концерті туралы тың дерек шықты

Eminem мен Shakira Қазақстанда концерт беруі мүмкін. 2026 жылы Алматыдағы Орталық стадионда өтетін шоуға дайындық жүріп жатыр.

Алматыда әлемдік жұлдыздардың қатысуымен үлкен концерт өтуі мүмкін. Eminem мен Shakira Орталық Азия елдері бойынша гастрольдік тур аясында Қазақстанда өнер көрсетуге алдын ала келісім берген.

Бұл туралы afishi.astana Алматы қаласының спорт нысандары дирекциясына сілтеме жасап хабарлады.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, концерттер 2026 жылы Алматыдағы Орталық стадионда өтуі мүмкін. Қазіргі уақытта ұйымдастырушылар мен тараптар нақты күндерді, сондай-ақ техникалық талаптарды келісу үстінде.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, келіссөздер әлі жалғасып жатыр, сондықтан концерттердің нақты өтетін уақыты кейінірек белгілі болады.

Айта кетейік, егер келісім толық жүзеге асса, бұл Қазақстандағы соңғы жылдардағы ең ауқымды музыкалық оқиғалардың бірі болмақ.

Бұған дейін испаниялық поп-орындаушы Энрике Иглесиас Қазақстанда концерт қоятынын хабарлаған едік. Шоулар 3 қыркүйекте Астанада, ал 5 қыркүйекте Алматыда өтеді.

Сондай-ақ, Қазақстанға әлем жұлдыздары Timbaland, Nicole және Busta Rhymes келетіні айтылған еді.

Еске сала кетейік, 2025 жылдың 1 тамыз күні кешке Астана қаласында америкалық поп-дива Дженнифер Лопес өнер көрсетті. Ал 2025 жылғы 10 тамызда Алматының Орталық стадионында Дженнифер Лопестің Up All Night әлемдік туры аясындағы көптен күткен концерті өтті.