Әлем жаңалықтары: АҚШ-тағы өрт, Путин-Трамп кездесуі және КХДР солдаттары тұтқынға түсті

BAQ.KZ тілшісі әлемде соңғы тәулікте болған оқиғаларға шолу жасап, жария болған жаңалықтар топтамасын ұсынады.

Фото: Patrick T. Fallon/AFP/Getty Images 

Өрт өршіп барады

Калифорнияның оңтүстігін шарпыған өртте кем дегенде 24 адам қаза тапты және оннан астамы жоғалып кетті, деп хабарлайды ABC News.

Телеарна Лос-Анджелес округінің медициналық сараптама департаментінің соңғы мәліметтерін келтіреді. Оған сәйкес 16 адам Итон Каньонындағы өрттен, ал 8 адам Палисадес өртінен қайтыс болды.

Құрбан болғандардың саны артуы мүмкін деген болжам бар. Қазір Лос-Анджелес округінде мыңдаған құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін БАҚ 16 адам қаза тапқаны туралы хабарлаған болатын.

Фото: Newscom World/IMAGO

Путин-Трамп кездесуі

АҚШ-тың сайланған президентінің Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Майк Уолтцтың айтуынша, Дональд Трамптың командасы оның Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуіне дайындық жүргізіп жатыр.

Бұған дейін Ресей басшысының баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Путин мен Трамптың байланыстары туралы нақты жоспарлар жоқ екенін, америкалық саясаткер тарапынан бұл мәселеге әлі "импульстар" болмағанын айтқан болатын. Песков "алдымен Трамптың қызметке кірісуін күту орынды болар еді" деп атап өтті.

Айта кетейік, бұған дейін Республикалық губернаторлармен кешкі ас кезінде АҚШ-тың сайланған президенті ықтимал кездесу туралы сұраққа жауап бере отырып, Путин онымен кездесуге ниет білдіргенін айтқан еді.

Уолцтың айтуынша, "бұл кездесуге дайындық қазірдің өзінде жүріп жатыр".

Фото: t.me/V_Zelenskiy_official

Алғашқы тұтқындар

Украина президенті Владимир Зеленский Ресейдің Курск облысында тұтқынға алынған КХДР әскери қызметкерлерінен жауап алудың алғашқы видеосын жариялады. Киев оларды Ресейдегі украиналық тұтқындардың орнына өз отанына қайтаруға дайын екенін мәлімдеді.

Солтүстік Кореяның екі әскери қызметкерімен сұхбат Зеленскийдің әлеуметтік желісінде пайда болды.

Бұл Солтүстік Кореяның тұтқынға түскен алғашқы сарбаздары, басқалары да болатыны сөзсіз. Бұл тек уақыт мәселесі... Украина тұтындарды Ким Чен Ынға қайтаруға дайын, ол үшін Ресейде тұтқында жатқан жауынгерлерімізді айырбастау ұйымдастыру қажет, - деп жазды ол.

Оның айтуынша, қайтып оралғысы келмейтін КХДР сарбаздары үшін басқа да жолдар болуы мүмкін.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Зеленский Украинаның Қарулы күштері алғаш рет екі КХДР сарбазын тұтқынға алғанын айтқан болатын. Оның айтуынша, Солтүстік Корея сарбаздарына көмек көрсетіліп, Киевке жеткізілген. Олардың бірін арнайы операциялар күштерінің жауынгерлері, екіншісін украин десантшылары тұтқындады.

Эстония жарықсыз қалды

Эстонияда жауған қалың қар мен боран салдарынан елде жаппай электр жарығы сөнді.

Elektrilevi компаниясының директоры Михкела Хärм таратқан дерекке сәйкес, таңертең ертемен 17 мыңнан үйде электр жарығы сөніп қалған. Кешке дейін олардың саны 9 мыңға төмендетілді.

Ауа райының қолайсыздығы жол мен теміржол қатынасын қиындатып отыр.

Ең күрделі жағдай Тарту, Виру мен Йыгевте. Бұл аудандарда электр жарығын қалпына келтіру сәрсенбіге қарай аяқталады деп жоспарлаудамыз. Шығыс Харьюдегі электр жарығы сейсенбі күні беріледі, - деп атап өтті Хärm.

Қар толассыз жауып, электр жарығын өткізетін желілердегі ағаштарды басып қалуда. Elektrilevi бригадасы тәулік бойы үздіксіз жұмыс режиміне көшкен.

Ең алдымен жарық ауруханаларда, қарттар үйі, мектептер мен балабақшаларда қалпына келтіріліп жатқаны айтылды.

Фото: Pascal Rossignol/Reuters

Франциядағы пойыз апаты

Францияның Страсбург қаласындағы орталық вокзалда екі пойыз бір-біріне соғылды. BFMTV таратқан ақпаратқа сәйкес, апаттан 20 адам зардап шеккен.

Оқиға "Орталық вокзал" аялдамасындағы нұсқауды ауыстыру кезіндегі қателік салдарынан болған. 

Құтқару қызметінің мәліметінше, зардап шеккендер орташа дәрежедегі дене жарақатын алған.

Ел билігі Де-Аль алаңына, Вильсон атындағы гүлзар мен вокзалға бармауға кеңес берді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы