1 Шілде 2025 2025, 21:45 Фото: olympic.kz

Әлем кубогы: Серік Теміржанов ширек финалға жолдама алды

Астанада өтіп жатқан бокстан Әлем кубогы кезеңінде Қазақстан ерлер құрамасының мүшесі Серік Теміржанов алғашқы жекпе-жегін сәтті өткізді.

Астанада өтіп жатқан бокстан Әлем кубогы кезеңінде Қазақстан ерлер құрамасының мүшесі Серік Теміржанов алғашқы жекпе-жегін сәтті өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынаған отандасымыз 1/8 финалда аустралиялық Джейкоб Кассармен қолғап түйістірді. Тартысты өткен жекпе-жек барысында қарсыластар тең дәрежеде өнер көрсетті. Алайда шешуші үшінші раундта Теміржанов басымдық танытып, жеңісті жұлып әкетті.

Осылайша, Серік Теміржанов турнирдің ширек финалына жолдама алып, жартылай финал үшін таласатын болады.