Кеше 2026, 23:47
Фото: olympic.kz
Әлем кубогы кезеңі: Мерген Валерий Рахымжан үздік ондыққа енді
Қазіргі таңда Испанияның Гранада қаласында нысана көздеуден Әлем кубогының кезеңі өтіп жатыр.
10 метр қашықтықтан пневматикалық тапаншамен ату сайысында қазақстандық Валерий Рахымжан финалға жолдама алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Нәтижесінде отандасымыз сегізінші орынға тұрақтады. Бірінші орынды қытайлық Бу Шуайхан иеленді.
Екінші орын ресейлік Антон Аристарховқа бұйырса, үздік үштікті түркиялық Бугра Селимзаде түйіндеді.