Әлем кубогы: бүгін кімдер рингке шығады
Астанада өтіп жатқан бокстан әлем Кубогы кезеңінің бесінші күні ширек финалдық жекпе-жектермен жалғасады. Бұл күні 16 кездесу жоспарланған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазақстан құрамасынан бүгін бес боксшы рингке шығады:
- Алуа Балкибекова (51 кг дейін) – Жапониялық Юна Нишинакаға қарсы;
- Аида Әбікеева (65 кг дейін) – Кореялық Кан Сукёнмен жұдырықтасады;
- Елдана Тәліпова (80 кг жоғары) – Өзбекстандық Олтинои Сотимбоевамен кездеседі;
- Ермуған Зейнуллинов (65 кг дейін) – Франциядан келген Уго Крауға қарсы рингке шығады;
- Сағындық Тоғамбай (90 кг дейін) – Түркиялық Эмрах Ясармен жекпе-жек өткізеді.
Кешкі сессия Астана уақытымен сағат 19:00-де Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында басталады. Кездесулерді Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Римде 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының алауы жағылды
Өзгелердің жаңалығы