Әлем кубогі: Қазақстан боксшысы келесі айналымға өтті

Әлем кубогі аясында Қазақстан боксшысы Надежда Рябец Панамерика ойындарының чемпионын жарыс жолынан шығарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Надежда Рябец 75 келіде байырғы қарсыласы Вивиана Дос Сантос Перейрамен жекпе-жек өткізді. Қос боксшы ару бұған дейін 2021 жылы “Странджа” турнирінде жұдырықтасқан.

Осымен Надежда екінші рет бразиялық Вивиана Дос Сантос Перейрадан басым түсті.

 Бразилиялық боксшы отандасымыздың қарқынына төтеп бере алмады. Есеп 4:1.

Жарыстың бірінші күні қалай өткенін BAQ.KZ тілшісі дайындаған репортаждан көре аласыздар.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ҰОК
Өзгелердің жаңалығы