Әлем кубогі. Кошкин орын алмаса да рекорд орнатты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласында конькимен жүгіруден әлем кубогінің үшінші кезеңі өтіп жатыр.
Ерлер арасында 500 метрге жарысудан Евгений Кошкин жасөспірімдер арасындағы Қазақстан рекордын жаңартты деп жазады Olympic.kz.
Қазақстандық конькишілер 500 метрге жүгіруден В тобында сынға түсті. Нәтижесінде, Евгений Кошкин 19-шы, Иван Аржаников 22-ші, Роман Креч 29-шы орыннан көрінді.
В тобындағы алғашқы үштікке АҚШ, Германия және Ресей спортшылары енген.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Еліміздің басым бөлігінде көктайғақ болады
Өзгелердің жаңалығы